Қаражатты алу туралы бұйрықты орындау қанша уақытты алады?
Брокерлік шоттан банктік шотқа теңгедегі қаражатты алу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Брокерлік шоттан банктік шотқа шетел валютасындағы қаражатты алу үш жұмыс күні немесе одан да көп уақытты алады.
Клиенттің ақшасы брокерде қайда сақталады ?
Клиенттің қаражаттары мен бағалы қағаздары клиенттің Бағалы Қағаздарының Орталық Депозитариындағы субшотында (KASE сату үшін), AIX CSD-де ( МФЦА биржасында сату үшін) сақталынады. Кастодиан-банк шотында/ шетелдік есеп айырысу ұйымындағы шотында сақталады («Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ , «Фридом Банк » АҚ , «Ардшинбанк» АҚ және т.б. ).
Брокер қандай заңдарды ұстанады ?
Брокер өз қызметін «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға, Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Қоғамның брокерлік қызметін реттейтін ішкі құжат бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет туралы Ереже болып табылады.
«SQIF Capital» акционерлік қоғамы (компанияның БСН 050640001484) өз қызметін бағалы қағаздар нарығында 12.11.2021 жылғы 3.1.1.246 лицензиясына сәйкес жүзеге асырады.
Ақпарат жария оферта болып табылмайды.
«SQIF Capital» акционерлік қоғамы бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда жасау кезінде пайда алуға немесе шығындардың болмауына кепілдік бермейді. Осы сайттағы қызметтер, өнімдер және өзге де ақпарат тек танысу мақсатында ұсынылады және заңға қайшы мақсаттарда пайдаланылмауға тиіс. Бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына инвестициялар капиталды жоғалту қаупімен байланысты.