Хабарландырулар
Жазбаша нұсқаманы алғаны туралы хабарлама
10.07.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2025 жылғы 9-шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен 2025 жылғы 11 наурыздағы Тексеруді тағайындау актісіне сәйкес жүргізілген «SQIF Capital» Акционерлік қоғамы қызметіне іріктемелі тексеру нәтижелері бойынша жазбаша ұйғарым алғанын хабарлайды.
Әкімшілік жазаны алу туралы хабарлама
11.06.2025
"SQIF Capital" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен Қоғамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша, Қоғам қызметіне 10.06.2025 жылы жүргізілген іріктеу тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 256-бабының 2-бөлігін бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы алғанын хабарлайды.
Әкімшілік жазаны алу туралы хабарлама
04.06.2025
"SQIF Capital" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотынан Қоғамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы Қоғам қызметіне 27.05.2025 ж. жүргізілген іріктеу тексеруінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 8-бөлігі мен 10-бөлігін бұзғаны үшін шығарылған қаулыны алғанын
Әкімшілік жазаны алу туралы хабарлама
28.05.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) осы арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 262-бабының 1-бөлігін және 2-бөлігін бұзғаны үшін Қоғамның қызметін іріктеп тексерудің қорытындылары бойынша Қоғамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша Қоғамға әкімшілік жаза қолдану туралы 22.05.2025 жылғы қаулыны алғаны туралы хабарлайды.
Жазбаша нұсқаманы алғаны туралы хабарлама
31.03.2025
«SQIF Capital» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2025 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен Қоғамның Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жазбаша нұсқама алғаны туралы хабарлайды.
Айыппұлдар алынғаны туралы хабарлама
03.03.2025
"SQIF Capital" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен Қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 262-бабының 6-бөлігін бұзғаны үшін 2025 жылғы 13 ақпандағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы № 250000440000051 хаттамаға сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны (бұдан әрі – Қаулы) алғаны жөнінде хабарлайды.
|