AIX арналған тендерлік ұсынысты ұзарту
23.12.2024
«SQIF Capital» АҚ (бұдан кейін – «Сатып алушы»), өз атынан, бірақ Globaltrans Investment PLC-тің Adaptive Capital Limited еншілес компаниясы есебінен және мүддесі үшін әрекет ететін, осы арқылы Меморандумда көрсетілгендей (бұдан кейін - «ЖДҚ», «Жіберілген ЖДҚ» және «Тендерлік ұсыныс» тиісінше), белгілі бір Globaltrans Investment PLC (ISIN: US37949E2046, арнайы ISIN: US1CCCCCCCC0, арнайы тикер: GLTR.BB1)2 жаһандық депозитарлық қолхаттарға қатысты ағымдағы ерікті тендерлік ұсыныстың қоса алғанда 2025 жылғы 24 қаңтарға дейін ұзартылатыны туралы хабарлайды.
Тендерлік ұсынысты ұзарту Жоғарыда көрсетілген күні Сатып алушы ЖДҚ-ның жекелеген ұстаушыларынан (олардың ішінде ірі халықаралық институционалдық инвесторлар тобы) алынған кері байланыс негізінде олардың кейбіреулеріне Тендерлік ұсыныс шеңберінде бағалы қағаздарды сату туралы олардың ұсыныстары бойынша есеп айырысуларға байланысты қажетті рәсімдерді орындау үшін қосымша уақыт талап етілетіні белгілі болғанын хабарлайды. Тиісті сұрау салуларға жауап ретінде, әділ тәсілді қамтамасыз ету және тиісті ұстаушыларға Жіберілген ЖДҚ-ға Тендерлік ұсынысқа қатысуға мүмкіндік беру мақсатында, сондай-ақ түрлі юрисдикциялардағы алдағы мерекелік демалыстарды ескере отырып, Сатып алушы Тендерлік ұсынысты 2025 жылғы 24 қаңтар сағат 15:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ұзарту туралы хабарлайды. Тендерлік ұсыныспен байланысты жаңартылған мерзімдер төмендегі кестеде көрсетілген. Тендерлік ұсыныстың қалған шарттары мен ережелері өзгеріссіз қалады. Осы кестеде көрсетiлген уақыт, күндер мен оқиғалар Сатып алушының жеке-дара және абсолюттiк қалауы бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
Шолу • Тіркеу күніне жіберілген ЖДҚ-ның заңды иелері болып табылатын инвесторлар Астана халықаралық биржасының («AIX») инфрақұрылымын пайдалана отырып, өз ұсыныстарын беруге шақырылады. Тендерлік ұсынысқа қатысу үшін есепке алынуы AIX Бағалы қағаздар орталық депозитарийі арқылы жүзеге асырылатын ЖДҚ ғана қабылданады. Қатысудың қосымша критерийлері Меморандумда баяндалған. • Тендерлік ұсыныс күнделікті есеп айырысуды көздейді. • Ұсынысты, ұстаушының өзі AIX сауда қатысушысы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, AIX сауда қатысушысы болып табылатын брокер (бұдан кейін - «Брокер») арқылы Жіберілген ЖДҚ ұстаушысы беруі мүмкін, мұндай жағдайда Брокерді тарту талап етілмейді. • Тендерлік ұсыныстың бағасы 1 ЖДҚ үшін 4,3 АҚШ доллары мөлшерінде белгіленген, бұл Тендерлік ұсыныстың басталған сәтінде сауда-саттық басталған сәттен бастап Компанияның AIX ЖДҚ-ның орташа салмақталған нарықтық бағасын көрсетеді. • Тендерлік ұсыныс 26 747 738 дейінгі Жіберіліп алынған ЖДҚ-ны қамтиды, бұл Компанияның жарғылық капиталының шамамен 15%-ын құрайды. • Қосымша ақпарат, Тендерлік ұсынысқа қатысу жөніндегі нұсқаулықтарды қоса алғанда, Сатып алушының globaltrans.com сайтында және AIX aix.kz міндетті хабарландырулар сервисі арқылы қолжетімді 2024 жылғы 25 қарашадағы меморандумында (бұдан кейін - «Меморандум») баяндалған. Осы хабарландыру осы хабарландыру арқылы өзгертілетін және толықтырылатын Меморандуммен бірге қаралуға және түсіндірілуге тиіс. Егер осы құжатта өзгеше көрсетілмесе, бас әріппен жазылған терминдер Меморандумда айқындалған мағынада пайдаланылады. ҚОСЫМША АҚПАРАТ • globaltrans.com • aix.kz СҰРАҚТАР Егер сізде тендерлік ұсыныс бойынша сұрақтар туындаса немесе көмек қажет болса, төмендегі байланыс нөмірелері бойынша хабарласыңыз: Инвесторлар үшін байланысатын тұлғалар: SQIF Capital Нурлан Асильбеков +7 (778) 003-03-76 (ағылшын тілді пайдаланушылар үшін) +7 (778) 003-03-77 (ағылшын тілді емес пайдаланушылар үшін) bb@sqif.kz Инвесторлармен жұмыс бөлімі Михаил Перестюк / Дарья Плотникова +971 2 877 6840 irteam@globaltrans.com БАҚ үшін байланысатын тұлғалар Анна Вострухова +971 2 877 4166 media@globaltrans.com EM globaltrans@em-comms.com AIX news and documents Tender Offer Globaltrans Announces Tender Offer SQIF Capital байланыс деректері e-mail: bb@sqif.kz Телефондар: +7 (778) 003-03-77 (ағылшын тілді пайдаланушылар үшін) +7 (778) 003-03-76 (ағылшын тілді емес пайдаланушылар үшін) TG: @SQIF_CAPITAL WA: wa.me/message www.SQIF.kz 1 Тендерлік ұсыныстарды беру мақсаттары үшін ғана берілетін арнайы техникалық сауда коды. МҰНДАЙ ӘРЕКЕТ ОСЫ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ТИІСТІ ЗАҢДАРЫН НЕМЕСЕ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУДЫ БІЛДІРУІ МҮМКІН КЕЗ КЕЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯДА ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА ТАРАТУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ. all_news
Көріністер: 16 |
"Шот ашу" батырмасын басу арқылы Мен өзімнің дербес деректерімді өңдеуге келісім беремін |